Қаңтар оқиғасына қатысты ұсталғандар көбіне ұрлық фактісімен сотталды

107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты.

«Ішкі істер органдары тергеушілері тарапынан қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты (88 қылмыстық іс) қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер қылмыстар құрайды», - деді С. Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, сотқа 86 айыпталушы берілді.

«Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады. Олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», - деді С. Әділов.

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз