Каникулда қалай қаражат таптым?

Биыл «Жасыл ел» бағдарламасымен жылыойлық 140 жас жұмыспен қамтылды.

Биыл "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы бағдарламасымен жылыойлық 140 жас жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, маусым айында 59 жас жұмысты бастап, «Жеңіс» саябағының артын, «Ата мен әже» саябағын, Махамбет даңғылы, 5 ықшамаудан алаңдарын арам шөптерден тазартты.

Құлсары қаласына 40 жас, Жаңа Қаратон кенті мен Қосшағыл округіне 19 адам жұмысқа бөлінді. Шілде айында 81 жас қыз бен жігіт көгалдандыру жұмысына алынды. Олар Кәсіпкерлер үйінің айналасын, «Ғимарат» автобекеті алаңын, Махамбет даңғылын, Ізбасов көшесін, 5 ықшамауданы алаңын, стадион ішін тазалады. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы ауданымызда өтіп жатқан түрлі мәдени-көпшілік шараларға да белсене атсалысуда. Олар «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасына белсене қатысты.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз