- Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өңірдегі ашық су көздері саналатын өзен- көлдерге мониторинг жүргізіп тұрады. Бұл жұмыстар әр жылдың тоқсанына бір рет жүргізіліп, су сынамалары алынады. Өткен мамыр айында алынған сынаманың қорытындысымен Құлсары қаласының іргесіндегі Қамыскөл көлінің санитариялық- бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық көрсеткіштері оң нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллин.
Бұл анықталған оң нәтиже айдындағы су көзінің таза еместігін көрсетеді. Сондықтан ауданның бас санитар дәрігері аудандық әкімдікке тиісті шаралар қолдану туралы арнайы хат жолдады.
- Биылғы жылы аудан орталығын су тасқынынан қорғау мақсатында арналар- ды тереңдету жұмыстары жүргізілгені белгілі. Осыған байланысты Қамыскөлге су жіберілмеді. Сол себепті қазіргі шо- мылу науқаны кезінде тұрғындар осы көл суы арқылы түрлі инфекциялық немесе паразиттік ауруларды жұқтыруы мүмкін. Осыған байланысты аудандық әкімдік арқылы қала тұрғындарына уақытша суға түсуге тыйым салу жөнінде ақпараттар та- ратылды. Алдағы уақытта тиісті іс шаралар жүргізілгеннен кейін қосымша су сынамалары алынып, қорытындысы жарияланатын болады,-дейді Талғат Әділбекұлы.
Өз тілшімізден