.
Өткен аптада Құлсары қаласының қақ ортасында, тапа тал түсте Құрсай өзегінің үстімен өтетін көпір тіреуішін көтермек болған кран аударылып қалды.
Оқиға Исатай Тайманов көшесінде орын алған. Өндірістік жағдай қос кранның көтеріп тұрған тіреуіш салмақтарын тепе-тең ұстай алмағандықтан болған екен.
Жылыой аудандық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Бекет Бозжігітовтің сөзінше, сол маңдағы көпірге «Құрылыс Тайм Контракт» мердігер мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын бастамақшы екен. Яғни, жақын күндері көпірдібиіктету жұмыстары жүзеге асады. Бұған 2024 жылғы көктемде орын алған алапат су тасқынысебеп болса керек. «Мердігер мекеме соғансәйкес қажетті материалдарын тасымалдап,әкеліп жатырған еді» дейді ол.
Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда Кран арнаулы техникасы орнына қайта қойылып, мекемежұмысын жалғастыруда.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ