Қаладағы қарқынды құрылыстар

ЖАҚЫНДА АУДАН ӘКІМІ ХАЛЕЛ ЖАМАЛОВ ҚАЛАДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН БІРНЕШЕ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ.

АУДАН БАСШЫСЫ АЛДЫМЕН ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 5 ҚАБАТТЫ 100 ПӘТЕРЛІК 3 ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН БАРЫП КӨРДІ. ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН МЕРДІГЕР «КАСПИЙСКАЯ КАДРОВАЯ АССОЦИАЦИЯ» МЕКЕМЕСІ ЖҮРГІЗУДЕ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚҰРЫЛЫСТЫҢ 90% ЖҮЗЕГЕ АСТЫ. ЖАҢА ҮЙЛЕРДІ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ БИЫЛҒЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗ МЕЗГІЛІНЕ ЖОСПАРЛАНУДА.

Сонымен қатар аудан әкімі Құлсары қаласындағы Нұрманов және Сариев көшелерін Құрсай өзегі арқылы кесіп өтетін жаңа көпірдің құрылысын аралап көрді. Көпірді мердігер мекеме "Казкомсервис" ЖШС салуда. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында басталған болатын. Қазіргі уақытта көпірдің осі мен тіректері және алаңы дайындалып, қадаларын орнықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Халел Жамалұлы Құлсары қаласындағы «Айком ЛТД» мекемесі салып жатқан Электрмен жабдықтау нысанының құрылысын да барып көрді. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың күз мезгілінде аяқталады деп жоспарлануда.

Құлсары қаласында сондай-ақ №5 жалпы орта білім беретін мектептің құрылысы қызу жүруде. Мердігер - «Тараз Құрылыс Инвест» мекемесі. Жаңа мектеп құрылысының аяқталу мерзімі 2022 жылдың күз айына жоспарлануда.

Аудан әкімі барлық нысандардағы мердігер мекеме басшыларына сапаны басты назарға алуды, аталған нысандардың мерзімінде халыққа пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз