Қызыл кітапқа енгізілген Борщов қызғалдағы гүлдеді

Қызыл кітапқа енгізілген Борщов қызғалдағы гүлдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған Арал теңізі өңірінің эндемигі. Аталмыш қызғалдақ түрі Барсакелмес қорығында көптеп кездеседі. Сәуір - мамыр айында гүлдеп, мамыр - маусым айларында жемістенеді. Жемісі - үш ұялы көп тұқымды қауашақ.

Еске салайық, әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Борщов қызғалдағы да бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT