Қызметтік автокөлікті тек қызмет бабында пайдаланайық!

​Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы, өзінің жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам тарапынан сенім туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Халық арасында осы мемлекеттік қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған сенім қалыптасуы қажет.

​Барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін басшылыққа алуы тиіс. Аталған Кодекс мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. ​

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды әрі тиімді пайдалануға міндетті. Аталған талап барлық мемлекеттік меншікке, соның ішінде қызметтік автокөлікке де қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерді олар берілген мақсаттарда ғана, яғни тек жұмыс үшін пайдалануы қажет. Себебі, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметте жүрген лауазымды тұлғаларға қызметтік көліктер өздеріне жүктелген функциялық міндеттерін атқару үшін беріледі. ​

Аталған кодексте мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсітуге, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс делінген.

​Әдеп кодексінің жоғарыда көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылған. ​Әдеп кодексінің бұл талаптарын әрбір мемлекеттік қызметші саналы түрде түйсінуі керек. Біз өз тарапымыздан қазынаның мүлкін үнемді, тиімді пайдаланып та мемлекетке орасан зор пайда әкелуге толық мүмкіндігіміз бар. ​

Сондықтан да барша әріптестеріме мемлекеттің өзімізге сеніп тапсырылған мүлкін тек қызметтік мақсатта тиімді пайдаланып, қоғам тарапынан қандай да бір сынға ұшырауға жол бермейік дегім келеді.

Жылыой ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы:

Гүлсім Бақтиярқызы Мирманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521