Сұрақ-жауап
Менің фармкомпанияда дайын дәрілік заттарды өндіру цехында жұмыс істеп жүргеніме бірнеше апта ғана болды. Жұмыс берушім мен үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға тиіс пе? Егер аударатын болса, ол оны өз есебінен жасай ма, әлде менің жалақымнан шегере ме?
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көрсетілген кәсіптер бойынша жұмыс істейтін азаматтардың құқығы бар. Мамандықтар тізімін http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1300001562 сілтемесі бойынша көруге болады. Осы тізімге сәйкес Сіз жұмыс уақытыңыздың кемінде 80% аталған өндірістердің:
- барлық атаулардағы аппаратшы;
- біліктеуші;
- шпредингші сияқты технологиялық үрдісінде жұмыс істеген жағдайда, Сіздің жұмыс берушіңіз міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға міндетті.
Жұмыс беруші МКЗЖ салымшысы болып табылады. Ол өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Садешова Галия,
Құлсары қаласындағы ҚКО бастығы
Атырау облыстық филиалы, "БЖЗҚ" АҚ