Кәсіпкерлік даму үшін

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерболат Төлендиев атқарылған жұмыстар туралы есебін берді.

Оған аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, тұрғындар, кәсіпкерлер қатысты. Жиналысты «Жылыой кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігінің директоры Қуаныш Аязбаев ашып, жүргізіп отырды.

-Өткен жылы аудандық кәсіпкерлер палатасы 463 адамға 1268 консультациялық кеңес берді. Бухгалтерлік сервис бойынша 2018 жылы 222 адамға салық есебін жіберу үйретілсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 64 адамға азайып, 158 тұлғаға қызмет көрсетілді. Биылдан бастап бухгалтерлік қызмет көрсету саласы қысқартылды. Кәсіпкерлердің сұранысына сәйкес, Атырау қаласынан мемлекеттік сатып алу бойынша эксперт Е.Баделов 2 рет келіп, тегін тренинг өткізді. «Бизнес кеңесші» бойынша 161, офлайн оқытулар 3 рет өткізіліп, онда 85 адамға сертификат табысталды. Бизнес өсу бойынша 46, жобалық оқыту бойынша 19 адам қамтылды,-дейді Ерболат Төлендиев.

Сонымен қатар мемлекеттің қолдауымен оқулар өткізілген. Онда аудан бойынша 390 адам жоспарланып, нақты 409 адам оқытылған. 106 жас кәсіпкер 53,2 млн теңге көлемінде грант ұтып алған.

tolendiev1

Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 23 жоба мақұлданып, 158 млн 510 мың теңге көлемінде қаржыландырылды. Есеп кезінде кәсіпкерлер сұрақтарын қойып, оған Ерболат Төлендиев және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бекен Шанаев, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевтар жауап берді.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT