Кәсіпкерлерге түсінік жұмыстары жүргізілді

Жастар ресурстық орталығының басшысы, "Атамекен" палатасының директоры, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпкерлерге Референдум жөнінде түсінік беру жұмысытарын жүргізді.

Референдумның мақсаты- "жаңа мемлекеттік модельге" көшу. Бұл Жаңа Қазақстанды құрудағы қадамдардың бірі. Конституцияның 33 ке жуық бабы өзгереді, Президенттің өкілеттігі қысқарады және ең бастысы азаматтардың саясатқа қатысуы кеңейеді және алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Айта кету керек, 1995 ж бастап алғаш рет конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын болады, сондықтан оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы өте маңызды!

Жиналған ұжым еліміздегі саяси реформалардың керектігін, бұрын соңды болмаған, референдумның халық талқысына шығуын дұрыс ұсыныс деп қабылдап, суперпрезиденттік басқару жүйесінен кетіп, мықты парламенті бар президенттік моделге өтуді оң бағалауда.

Сонымен қатар, жергілікті жерге байланысты сұрақтарын да қойып, жауаптарын алды. Конституцияға өзгеріс енгізетін референдумды қолдайтындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз