Көшемізге аялдама керек

Себебі балаларымызды балабақшаға, мектепке осы жолмен апарамыз.

Жаз айынан бері 5-учаскеден бастап, «Кең Жылыой» ықшамауданына дейін тасжолдың жанынан тротуар салынуда. Осы жол жиегіне орындықтар қойылуда. Орындықтарға көбіне тек жастар отырады. Жөніне кетсе, жақсы ғой, күші бойына сыймағандар оны сындырады. Сол орындықтар аялдама жанынан да салынса деген ұсыныс айтамыз.

«Сәт сапар» аялдамасында 3-4 адам ғана отыратын орындық бар. Оған базардан қайтқан жолаушылар сыймайды. Кейде автобусты жарты сағат күтеміз. 1-учаскеде Кеңес үкіметінен қалған екі аялдама бар, іші – толған қоқыс, не орындық жоқ. Құлсарыда әр жерде аялдамасыз «аялдамалар да» бар. Мысалы, «Мереке» ойын-сауық орталығы, «Халық банкі» тұсы. Осы «Сәт сапардан» кейінгі 200 метрдей жер, «Бөбектің»  жаны, №6 мектеп пен 1-учаске, №1 мектептің арақашықтығы алыс емес. Сол аялдаманы Алдақов көшесінің тұсынан неге салмасқа? Себебі балаларымызды балабақшаға, мектепке осы жолмен апарамыз. Егер салынса, «Кең Жылыой» ықшамауданының шетінде және 1-учаскеде тұратын халыққа ыңғайлы болар еді.

«Кең Жылыой» ықшамауданының тұрғындары:

С.Қарамурзиева, Ұ.Таңатарова,

Т.Дінмұратова, Ө.Исмагулова, Ж.Сексенбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT