КӨШЕ КЕЗГЕН ИТТЕРДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНАМЫЗ?

ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНДЕ ҚАБАҒАН ИТТЕР ӨРІП ЖҮР. ЕШБІРІНІҢ ҚАСЫНДА ИЕСІ НЕ ҚАРҒЫБАУЫ ЖОҚ. КӨШЕ КЕЗІП ЖҮРГЕН ИТТЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРҒА ОРАСАН ЗИЯНЫ ТИЮДЕ. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ОРЫН АЛҒАНЫ ҮШІН НАРАЗЫ. БҰЛ КӨШЕ КЕЗГЕН ҚАБАҒАН ИТТЕРДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНАМЫЗ? АЙТЫЛА-АЙТЫЛА ЖАУЫР БОЛҒАН БҰЛ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН ТАБАР КҮНІ ҚАШАН ТУАДЫ?


Көшеде арсылдаған қабаған ит тап берсеқ, қайда қашып, қалай қорғанарымызды білмейміз. Әсіресе, кішкентай балалар үшін алаңдаймыз. Мектеп оқушыларына обал. Көшеде ырылдап, арсылдай жөнелетін иттер адамдардың әбден мазасын қашырды. Қаладағы вокзал қалашығының тұрғындары көшеде шұбырған бұралқы иттерді жоюға шара қолданылмайтынына наразы. Қаптаған иттердің барлығы иесіз емес, алайда олар ауласында емес, көбінесе көшеде жүреді. Құлсары тұрғындарының көбі ит асырауға, оның ішінде алабай, т.б қабаған иттерді бағуға құмар. Әттең, сол тегі жыртқыш хайуанаттарды өз ауласында ұстаудың орнына көшеге шімірікпестен жіберіп қояды. Бос жүрген қабаған иттер ойына келгенін істейтіні белгілі. Вокзал қалашығының көптеген тұрғындары да көп қабатты тұрғын үйлерде тұрса да ит асырайды. Дәл осы аталған вокзал маңында да қаңғыбас иттер жетерлік. Азу тісі ақсиған бөрібасарлардың кесірінен тұрғындар көшеде жүруден қалды.
Үнемі итті түнде босатып жіберетін қожайындар көп. Тіпті, «үйден емес тамағын даладан тауып жесін» дейтіндер де кездеседі. Асырай алмаса, не үшін бағады?
-Вокзал ықшамауданында қабаған иттер өте көп. Балаларды мектепке не болмаса дүкенге жұмсауға қорқамыз. Себебі, иттер бала түгілі ересек бізге де тап беріп жатады. Көшеде жан-жаққа жалтақтамай, алаңсыз жүру мүмкін емес. Балағымызға жабысып, бір жерімізді тістеп алмасын деп үрейленеміз. Бұған құзырлы орындар немқұрайлы қарап отырмай шара қолданулары қажет. Әйтпесе, ит иттігін жасап жатыр,- дейді вокзал тұрғыны А.Дауленов
Бұл тек бір ғана Вокзал қалашығы тұрғындарының қиын мәселесі емес. Бүкіл қала халқын мазалап отырған өрескел жағдай. Әлеуметтік желіде де, әсіресе «Құлсары Зелло» инстаграм парақшасында талқыға түсіп жатырған негізгі мәселе де осы тақырыпқа байланысты. Құлсарыдағы 4-учаске тұрғындарының да жанайқайы осы. Осындай сорақы көріністі көре отырып, «қаламыздың 20 жылда жеткен жетістігі осы ма?» деп еріксіз налимыз.


А.ЖҰМАБЕРГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521