Кәсіпкерлер ұялы телефон алып берді

Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және жетім балаларды қолдау.

Өзіңнен және отбасыңнан артылып жатса, өзгелерге жақсылық жасағанға не жетсін! Жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және жетім балаларды қолдау. Осы ізгі шара биыл да өз жалғасын тапты. Қазір еліміздегі карантин жағдайына байланысты онлайн режимде оқып жатқан оқушылар үшін смартфондар ауадай қажет. Алайда тұрмыс жағдайының нашарлығынан соған қолы жетпей отырған мұқтаж жандар қаншама!

Сауапты іс жасаған аудан кәсіпкерлері Қанатқали Мұхитұлы, Мұхамбетжан Исламұлы, Алтынай Ибраиымқызы, Асылхан Беркінұлы, Талғат Қабдешұлы сынды азаматтар балаларға оқу құралдары мен ұялы телефон алып беріп, олардың қашықтықтан білім алуына көп көмегін тигізді. Республикада өткізілген іс-шараға белсене араласқаны үшін барлық демеушілерге мектеп директоры өз алғысын білдірді. Акция жағдайы төмен отбасындағы оқушылар үшін үлкен көмек болды. Олардың білім алуға деген құштарлығын арттыра түскені сөзсіз.

Әсел Ахметжанқызы,

№10 Амангелді атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT