Көршіңмен тату бол!

Құлсары қаласындағы Жастар үйінде "Көршіңмен тату бол" атты шара өтті. Оған аудандық соттың төрағасы Б.Жұмабаев, аудандық билер кеңесінің төрайымы Ж.Кенжебаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Айшуақова, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Е.Мақсотов, аудандық пробация бөлімінің басшысы Ғ.Өтепқалиева, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Ақназаров және т.б. қоғамдық ұйым басшылары мен аудан жастары қатысты.

k

Кездесуде жастарға қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктер туралы айтылды. Соның бірі – жастардың учаске-учаскеге бөлініп, төбелесуі. Ондай тәртіпсіздіктің соңы жақсылыққа апармайтынын айтқан мамандар жиналғандарды жақындарымен, достарымен, көрші-көлеммен тату болуға шақырды. Басқосуда жастар да өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдіріп отырды. Соңында аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Г.Айшуақова қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын жастар мен күні кеше бір азаматтың өмірін ажалдан арашалап қалған жылыойлық Данияр Райымбековке алғысхат табыс етті.

П.ҚИЗАТОВА

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика