Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары!

Биыл біздің туған өлкеміз өзінің 95 жылдығын тойлайды. Оған қоса, әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі – Теңіз кенішіндегі мұнай өндіріп жатқан «Теңізшевройл» компаниясына да осы жылдың сәуірінде 30 жыл толады. ТШО өзінің өндірістік қызметін Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында жүзеге асыратындықтан, бұл елді мекендердің компания үшін маңызы ерекше. ТШО мен мердігер компаниялардың 10000-нан аса қызметкері - Жылыой ауданының тұрғындары және ТШО-ның 39 мердігер компаниясы да осы аймақта тіркелген. Оған қоса Жылыой ауданы «Теңізшевройлдың» көптеген жұмысшысы және басшысының туған жері: Дәрмен Аронов, Зәмзәгул Бекова мен Қалыбек Мұханов та - Жылыойдың қара топырағынан өсіп шыққан адамдар.

Былтыр құлсарылықтармен бірге ТШО қызметкерлері бірнеше кездесулерге қатысып, солардың нәтижесінде Құлсарыда «Теңізшевройлдың» өкілдігі ашылды. Қазіргі таңда кеңседе үкіметпен және жұртышылықпен байланыс, қазақстандық қамту және экология бөлімдердің қызметкерлері жұмыс істейді. Осы жылы бұл топқа еңбек қатынастары бойынша тағы бір маманның қосылуы жоспарланып отыр.

Оған қоса қоғамдық консультативтік кеңес те өз жұмысын қайта жандандырды. Оның құрамына Жылыой ауданы мен Құлсары қаласы әкімдігінің, аудандық мәслихаттың өкілдері, Жылыой ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Атамекен» ӨКП директоры, ТШО қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен Тұрар Шапқара, Ұлмекен Сұлтанғалиева, Жанаргүл Шарғабаева, Дайрабай Елдесбаев секілді ауданның басқа да белсенділері кірді. Кеңес мүшелері тоқсанда бір рет кездесуге шешім қабылдады.

Осы жиын барысында ТШО қызметкерлері Жылыой ауданының дамуына арналған атқарылған жұмыстар туралы баяндаса, қоғам белсенділері өз кезегінде әлеуметтік саладағы жұмыстарды қалай жақсартуға болатындығы жөнінде өз ұсыныстарын да айтады.

Қоғамдық кеңес - компанияның әлеуметтік саладағы жұмысын жақсартуға арналған пікір алмастыратын керемет алаң. Себебі, кеңестегі қоғам белсенділері тұрғындар мен компанияны байланыстыратын көпір ретінде танылады. Соңғы жиында ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов Жылыой ауданының дамуы- на арналған жаңа жобаның әкімдікпен бірлесіп қарастырып жатқанын атап өткен.

Осы жоба аясында пайызсыз несиелер беру арқылы шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы, Жылыой ауданының компанияларын оқыту және алдағы уақытта олардың ТШО тендерлік процестеріне қатысу мүмкіндігін арттыруға арналған бағдарламасы, STEM- білім беру жүйесін дамыту, оған қоса осал топтағы отбасылардан шыққан балалар үшін ҚБТУ-да жазғы білім беру лагерін ұйымдастыруы жоспарлануда.

Сонымен қатар, ТШО өз демеушілік қолдау көрсетуін жалғастырып, «Игілік» және «Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы» атты екі ерікті әлеуметтік бағдарламаларын да жалғастырғалы жатыр.

Биылдан бастап «Кең Жылыой» газетінің беттерінде ауданның дамуына арналған және ТШО-ның атқарып жатқан әлеуметтік жобалары туралы үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов баяндап, оған қоса Теңіз кенішіне және құлсарылықтардың әлеуметтік өміріне қатысты сұрақтарға жауап беретін болады. Сондықтан сіздер де ТШО-ның жұмысы, немесе Жылыой ауданына көрсетіп жатқан көмектері туралы білгіңіз келсе, сұрақтарыңызды газеттің редакциясына немесе ТШО-ның тұрақты өкілдігіне де жолдау болады. Осылайша сіздерге Жылыой ауданының игілігіне атқарылып жатқан жұмыстар туралы көбірек ақпарат бере аламыз деген сенімдеміз.

«Теңізшевройлдың» Құлсары қаласындағы кеңсесінің мекен-жайы:

Тайманов к-сі., 58, офис 105 «Шаңырақ» қонақүйі

Редакция мекен-жайы: Ұ.Әбдірахманов к-сі., 16

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521