Пандемия басталғалы балаларымыз екі қолға бір кәсіп көзін таба алмай жүр.
Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Асылбек Джакиев, Нұрлыбек Алтынбеков, Серік Кадіров, Айтпай Сисенов, Сырымбек Сәрсембаев, Кеңес Рейимовтердің кезекті кездесуі көпбалалы аналар мен кәсіпкерлер болды. Үміткерлер "Nur Otan" партиясының алдағы бес жылға сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. Көпбалалы аналарды толғандырған мәселенің бірі жұмыссыздық еді.
-Пандемия басталғалы балаларымыз екі қолға бір кәсіп көзін таба алмай жүр. Осы мәселеге ерекше мән берілсе екен, -деген ұсынысын білдірді олар. Сырымбек Сәрсембаев:
-Жылыойлық жастар ұсынылған жұмыстарға жалақысының мардымсыздығын алға тартып, жеңіл жұмыс іздейтіні жасырын емес. Оның орнына шағын және орта бизнесті дамытып, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен гранттардан құр қалмауға ұмтылуы тиіс.
- Елімізде жастардың заман ағымына қарай білім алып, жұмыс жасауына бар мүмкіндік жасалған. Бүгін керек деген мамандықтың 5 жылда жойылып кетуі ғажап емес. "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет праймериз өткен болатын. Депутат болуға ынталы кез келген адам қатыса алды. Сол мүмкіндікті мен де жібермей, праймеризден өттім. Алдағы сайлау науқанында сәттілік тілеймін, - деді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер К.Рейимов.
Кездесуде аналар өздерін толғандырып жүрген өзге де мәселелерін ортаға тастады. Үміткерлер айтылған ұсыныс-пікірлерді атқарушы органдарға жолдайтынын жеткізді.
"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының
сайлау қоры қаражатының есебінен төленді