КҮН ЫСЫҒАЛЫ СУҒА ТҮСУШІЛЕР ҚАРАСЫ КӨБЕЙДІ

Олардың дені жасөспірімдер мен балалар екендігі алаңдатады

Ауданымыздың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Жылыой аудандық полиция бөлімімен және Жылыой аудандық авариялық құтқару жасағы, Құлсары қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бірлескен түрде практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Осыған орай, суға шомылу маусымы кезінде судағы қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су айдындары жағалауына жібермеу қажет екенін ескертеді.

sugatuskender1

Алайда, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Жас балалардың суда жүзіп білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.

Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін суға шомылудың қарапайым ережелерін орындаған жөн.

Сонымен қатар аудан тұрғындарына суға шомылу маусымы әлі басталмағандығын тағы да ескерткіміз келеді.

Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT