Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы

Байқауға ҚР тіркелген, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған  ұйымдар қатыса алады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5) үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;

6) банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісі,

Анықтама телефондары: +7 (702) 376 84 00, +7 (708) 777 71 08, +7 (7172) 74-09-97

Қағидаға сілтеме

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT