Құлсарыда тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Құлсары қаласы тозығы жеткен бес қабатты тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатын болды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

№1 ықшам ауданындағы №27 тұрғын үй мемлекет мұқтажы үшін алынып, 60 пәтердің иесіне өтемақы төленген.

-Ауданы 1615,19 шаршы метрді құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы дайын. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС. Қазіргі таңда үйді бұзу жұмыстары жүріп жатыр,-деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.

Оның айтуынша, жаңа спорт кешенінде кіші футбол, бокс, күрес, волейбол залы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз