Құлсарыда 15 ықшамауданның электр желілері жаңартылуда

Құлсары қаласының электр желілерін қайта жаңғырту жобасы бойынша барлығы 15 ықшамауданға жаңартылған заманауи трансформаторларды орнату жұмыстары аяқталып, іске қосу жүргізілуде, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде ұзындығы 39,5 шақырым желі, 2700 дана соқа және 28 дана трансформатор жаңартылып отыр.

- Бұл жұмыстарды «Электромонтаж» мекемесі жүзеге асыруда. Аталған жұмыстар өткен жылдың ақпан айында басталған болатын. Жұмыстар жоспарлы түрде жүріп, белгіленген мерзімде аяқталып отыр,- деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ержан Хайноллаев.

Айта кетейік, Құлсары қаласының электр желілерін қайта жаңғырту жобасына республикалық бюджеттен 1 мрлд 345 млн теңге қаражат бөлінген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз