ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жылыой ауданы әкімімен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 11 наурызы мен 13 мамыр аралығы Құлсары қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланды. Осыған орай, 25 наурызда Құлсары қаласында «TazaTabigat» атты жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікте қала тұрғындары өз ауылдарына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аудандағы мемлекеттік мекемелер және «Жылыойгаз» ЖШС, «РИП-газ» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ, «ПЧ-11» «ЛПУ Құлсары», «Болат Жол» ЖШС, «Олжа» АҚ, «Қазақтелеком», «Қазпочта», «Автобекет» мекемелерінің қызметкерлері ұйымшылдықпен сенбілікке қатысып, бекітілген аймақтарды тазалады.

Өткізілген сенбілікке 400-ге жуық адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 70 тонна қоқыс жиналып, полигонға төгілді.

Белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына қатысқан қала тұрғындарына және еңбек ұжымдарына алғыс білдіреміз.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521