Құлсарыда алғаш рет 112 орындық кинотеатр ашылады

Жылыой ауданында алғаш рет 5 қазан күні 112 орындық кинотеатр ашылады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Qaisar Park cinema» атты кинотеатрда 56 адамдық екі зал және күту залы бар. Одан бөлек жедел тамақ орталығы және сусын мен попкорн сататын орындар қарастырылған.

-Аудан тұрғындары баратын мәдени орындардың қатарын көбейту мақсатында және аудан жастарының көңілді уақыт өткізуі үшін кинотеатрды ашқалы отырмыз. Ол осы аптаның бейсенбі күнінен бастап қызмет көрсете бастайды.

Жалпы билет бағалары 1500-3000 теңге аралығында болады және киноға билетті ticketon.kz сайтынан алуға мүмкіндік бар. Алғаш ашылатын күні «Пила 10», «Белгісіз батырлар», «Митат», «Арам ақша», «Қарғыс атқан мұра», «Жел иесі», «Щенячии патруль» атты фильмдер көрсетіледі, - деді кәсіп иесі Саламат Сарсенов.

Кәсіпкердің айтуынша, кинотеатрда әлемдік және қазақстандық жаңа кинолар көрсетіледі. Аптаның әр бейсенбісінде жаңа кинолар шығып тұрады. Кинотеатр күнде сағат 10:00-ден бастап жұмыс істейді. Соңғы сеанс 23:30-23:50 аралығында басталады.
Айта кетейік, аталған кинотеатрдың мекенжайы: Құлсары қаласы, І.Сариев көшесі, 16 ғимарат, «Жан» сауда орталығында орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521