Көлік жүргізген жылыойлық жасөспірім ұсталды

Көлік жүргізген жылыойлық жасөспірім ұсталды

Көлік жүргізу құқығы жоқ 17 жастағы баланың ата-анасына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды

Атырау облысы Жылыой ауданы Полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Г.Аралбай Құлсары қаласы көшесінен "Hyundai Solaris" автокөлігі жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпағандығын анықтады.

Бұзушылық бойынша хабар алған патрульдік полиция взводның қызметкерлерімен аталған автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде көлік басқарған кәмелетке толмаған 2003 жылы туған жасөспірім анықталды.

Көлік жүргізу құқығы жоқ 17 жастағы баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтҚ-нің 612-бабының 2-бөлігі және 593-бабы 2-бөлігімен тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521