Күл ауруына қарсы түйелерге екпе жүргізілуде

екпе

Былтырғы жылы көршілес Маңғыстау облысында түйелер көптеп қырылып, ойсыл қара тұқымының арасында «түйенің күлі» (оспа) ауруы тараған болатын. Содан бері жылыойлық шаруа қожалығы жетекшілерінде маза жоқ.

-Осы жағдайдан соң біз де көз жұма қарап отыра алмадық,- дейді аудандық ветеринариялық станция бөлімінің директоры Нұрболат Өрбісінов.- Аудандық ветеринариялық станция қызметкерлері жұмыла жұдырық боп, карантин уақыты кезінде де сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, халық арасында түсінік жұмыстарын кеңінен жүргіздік.

Күл ауруының белгілері: бастапқыда түйенің денесінің жүні жоқ, тықыр бөліктеріне бөрткен шығып, күшейген кезде бөртпенің ұшы жарылады, малдың терісінде ісік пайда болады. Аурудың басты белгілері де осылар болып табылады. Ауданға қарасты кей округтердің шаруа қожалықтарындағы түйелерден аталған аурудың нышандары байқалса да, мал басы шығыны болмаған.

-Түйе күліне қарсы екпе бұрын- соңды елімізде де, шет мемлекеттерде де жасалмаған. Маңғыстау өңіріндегі ахуалдан соң қазақ ғалымдары індетке қарсы жаңа вакцина ойлап тапты. Бірнеше сынақтар мен тексерулердің нәтижесінен соң вакцина бүгінде қолымызға тиіп отыр. Аудан көлемінде түйе малын егуді 1 қыркүйектен бастадық, бұған дейін 8000 бас түйеге екпе салынды. Жаңа вакцина болғандықтан барлық мал дәрігерлерін жинап, тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйреттік. Енді осы шараға түйе ұстаушы барша тұрғындарды атсалысуға шақырамыз. Қала сыртындағы бағулы малдарын айдап әкеліп, екпе салдыруын сұраймыз. Шараға бірлесіп кіріссек қана мал ауруларының алдын ала аламыз,- дейді Н.Өрбісінов.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521