«Көктемде қармен бірге еритін асфальт салудың қажеті жоқ...»

Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов Құлсары қаласындағы И. Тайманов көшесінің асфальт жолына жөндеу жүргізіп жатқан мердігерді қатаң сынға алды.

- Қалаға кіреберіс жол- көлік ағыны көп жол торабы. Жол құрылысы, шұңқырларды жабу жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатырған жоқ. Мынадай жұмысыңызбен қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп отырсыз және жұмысыңыздың сапасыз екендігіне қала халқы өз ескертуін де беріп үлгерді. Алдағы көктем келгенде қармен бірге еритін асфальт салудың қажеті жоқ,- деді ол. Бұдан соң аудан әкімі аудандық ТКШ бөлімі басшысы Еркебұлан Аққұсовқа да ескерту жасады. «Тапсырыс беруші сіз, қатаң бақылауға алып, жұмысты дұрыс ұйымдастырыңыз», - деді Ж. Байрақбайұлы.

kktemde-armen-1

Аудан басшысы 20 шілде күні басталған Махамбет даңғылына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер “Атырауинжстрой-АЙС” ЖШС-ның жұмыстарымен танысып, жұмысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, басты көше болғандықтан уақытынан кешіктірмеуді тапсырды.
Орталық Махамбет даңғылы бойындағы жолды жөндеу жұмысы 20 шілдеде басталған еді. «Қазпошта» АҚ мен А.Завершинский көшесі аралығындағы автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша Махамбет даңғылының 2,4 шақырым жолына 39000 м2 жол мен 22000 м2 жаяу жүргінші жолы (тротуар) төселеді. Еске сала кетейік, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу уақыты биылғы жылдың 20 шілдесінен бастап 2 ай мерзімге белгіленген. Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары Махамбет даңғылы, «ҚазПошта» АҚ-нан «Western» ЖШС клиникасына дейінгі аралыққа жүргізіледі.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT