Атырауда ҚР Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов, "Respublica" партиясы Орталық аппаратының басшысы Бақытбек Хамит, партияның облыстық филиал төрағасы Ғалымжан Өтебаев, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Ойынқұмарлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында депутат букмекерлік кеңселер мен құмар ойындарды қылмыс тудыратын елдегі ең күрделі мәселелердің бірі деп атады. Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы 157-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Олардың 20% немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған.
«2022 жылғы статистикаға сәйкес, 3676 суицид фактісі жасалған. Олардың әрбір бесіншісін құмар ойындарға әуес адам жасайды», - деп атап өтті Руслан Берденов.
Сондай-ақ, соңғы үш жылда біздің азаматтар құмар ойындарға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл алаңдаушылық туғызбауы мүмкін емес.
Талқылау барысында басқа елдердің мысалдары келтірілді. Мәселен, Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметіне тыйым салынады. Ал Оңтүстік Корея мен ҚХР-да құмар ойындарға ресми түрде тыйым салынған. Онлайн-казино ойыншылары түрме жазасына кесіледі.
Сонымен қатар, құмар ойындарды жариялаған барлық интернет-сайттар қатаң цензураға ұшырайды.