Қазақстан Республикасының аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша баспасөз хабарламасы

Халық табысының өсуін және ауылдық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жолымен ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Олардың негізгі бағыттарына аудан орталықтарын, ауылдық округтер орталықтарын және тірек ауылдық елді мекендерді дамыту, даму әлеуеті жоғары және орташа басқа ауылдық елді мекендерді санаттарға бөлу және дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау, ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру, шекара маңындағы ауылдық аумақтарды дамыту кірді.

Оны іске асыру үшін мынадай тәсілдерде қалыптастырылған 49 іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспары әзірленді:

1. Әлеуметтік, инженерлік және көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту есебінен көрсетілетін базалық қызметтерді ұсынудағы тепе-теңсіздіктерді қысқарту.

2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және жан-жақты қолдау жолымен ауыл халқы табысының деңгейін арттыру.

3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі шараларды институционалдық қамтамасыз ету (ауылдық аумақтарды қолдау мен дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүйелеу).

Аталған бағытта «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жалғастырылатын болады. Бұл жоба аясында Жылыой ауданы бойынша 5 жоба іске асырылуда:

1. Тұрғызба ауылына 200 орындық Мәдениет үйін салу құрылыс жұмыстары жүргізілуде;

2. Майкөмген ауылына 200 орындық Мәдениет үйін салу құрылыс жұмыстары басталуда;

3. Шоқпартоғай ауылына 200 орындық Мәдениет үйін салу құрылыс жұмыстары жүргізілуде;

4. Қосшағыл ауылында электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту  жұмыстары жүргізілуде;

5. Жылыой ауданы Жаңа-Қаратон кентінің кентішілік жолдарын, тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді;

АӨК, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жолымен ауыл халқы табысын арттыру бойынша нәтижелерге қол жеткізу үшін «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру көзделген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз