ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЗИЯТКЕРЛІК ҚҰҚЫҚТАР ҰЙЫМЫ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан зияткерлік құқықтарды қорғауға кепілдік береді.

Бұл туралы еліміздің Әділет министрі Азамат Есқараев Дүниежүзілік зияткерлік құқықтар ұйымы Бас ассамблеясының отырысында айтты.Қазір бұл бағытта заңнама жетілдіріліп жатыр. Министр Есқараев шара аясында ұйым басшысы Дарен Тангпен кездесті. Басқосуда апорт алмасының сұрыптарын шет мемлекеттердің географиялық атауларының тізіміне енгізуді ұсынды. Бұл біздің алмалардың ерекшелігі мен сапасын қорғауға мүмкіндік бермек. Әлемдік нарықта Апорттың танымалдығын арттырып, отандық ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

-Қазақстан тауарды патенттеу, таңбалау және өндірістік үлгілерді ұлттық тіркеу жүйесін жақсарту бағытында белсенді жұмыс атқарып жатыр. Былтыр зияткерлік меншік саласын одан әрі жетілдіру туралы заң қабылданды. Қазір Қазақстанның Өндірістік үлгілерін халықаралық тіркеу туралы Марракеш және Гаага келісім-шартына қосылу мәселесі күн тәртібінде тұр. Осымен қатар зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту бойынша 3 жылдық жол картасы бекітілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521