Қазақ эстрадасының жұлдыздары жылыойлықтарды «Теңізшевройлдың» мерейтойымен құттықтайды

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Атырау және Құлсары қалаларының тұрғындарын, сонымен қатар Теңіз жұмыскерлерін «Теңізшевройлдың» мерейтойымен құттықтайды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау қаласында 28 сәуір күні сағат 19:00-де Махамбет және Исатай атындағы орталық алаңда «Музыкалық Жас көрермен» театрының әртістері, халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Сүндет, Рухия Байдукенова, Еркеш Хасен, Қазыбек Құрайыш, Ернар Садырбаев (Әмре), “Заман” тобы, Yenlik, Илхан Ихсанов, Ayree, Qanay, Qarakesek, және "Ninety One" тобы өнер көрсетеді.

Құлсары қаласында 29 сәуірде сағат 19:00-де орталық алаңда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанар Дұғалова, Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мұрат Қожа, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Qanay, Qarakesek, Алтынбек Сүндет, Рухия Байдукенова, «Заман» тобы, Қазыбек Құрайыш, Yenlik, Еркеш Хасен, Ильхан Ихсанов, Ayree, Калифарния, Қобыланды Болат пен Әбілмансұр Серіков көрермендерді тәнті етпек.

Теңізде 30 сәуірде 15:00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанар Дұғалова мен Жұбаныш Жексен, халықаралық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Сүндет, Рухия Байдүкенова, Еркеш Хасен, Қазыбек Құрайыш, сондай-ақ “Заман” тобы, Qanay, Kalifarniya мен Жастар театрының әртістері ән салады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521