Қарағайлықтар енді су мен жолдан таршылық көрмейтін болды

Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов өткен аптада Қарағай елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қатысты.

Кездесудің негізгі бөлігі «сұрақ-жауап» форматында өтті. Аудан басшысы Қарағай елді мекенінің тұрғындарына ауыл халқын толғандыратын мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін түсіндірді. Ауыл тұрғындарының сұрақтарының көпшілігі жол салу, ауыз су, интернет және газ мәселесі болды. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде ауылды аралап, көріп шықты. Айта кетейік, өткен жылы елді мекенге 1,4 шақырым электр желісі тартылып, 20-ға жуық үй қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, көктем айларында үйлерге су жүргізіліп, жол құрылысы басталатын болады.

Ш.ХАМИТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз