Үйлері құлап, шиеттей бала-шаға далада жүр

Құлсары қаласы, 4-учаске, Бекбике көшесінде тұратын Нәсіпбай Сағынбаевтың отбасында 9 жан бар. Су тасқынында пәтері құлап, бала-шағасымен ауладағы "ағаш үйде" тұрып жатқанына бір ай болды. Әзірге үйді қарайтын техникалық бақылаушы да, бағалаушы да келген жоқ. Кешегі жауын-шашынды күндері Сағынбаевтар шиеттей бала-шағасымен отбасылық өмірін "ағаш үйде" өткізіп келеді.

Үйлері құлаған жалғыз Нәсіпбайдың жанұясы емес. Көршілері Жұпар Шегебаева мен Әсет Дүсіптің де жанұясы үйсіз жүр. Тасқын судың екпінімен олардың баспанасы да опырылып құлап, жермен-жексен болды. Қазір екі отбасы туысқандарының үйін сағалап жүр.

Ә. Дүсіп те көпбалалы шаңырақтың отағасы, бес баласы бар. Жұбайы жақында алтыншы перзентін өмірге әкелді.

Бұл жердегі үйлері құлаған отбасылар енді жаңа баспанадан дәмелі. Бірақ тиісті көмектің қашан келері белгісіз.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521