Үйге өрт сөндіргіш керек пе?

Барлық елде өздерінің жеке қауіпсіздіктері мен мүліктерінің қауіпсіздіктерін ойлайтын азаматтар өрт сөндіргіштің тұрмыста қаншалықты қажетті екенін жақсы біледі.

Дамыған елдерде өрт туралы құлақтандыру жүйесімен жабдықталмаған, тіпті автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталмаған жеке тұрғын үй жоқ. Өрт сөндіргіштермен барлық үй-жайлар жабдықталған: саяжайлар, бау-бақша үйлері, пәтерлер мен көлік құралдары. Ал бізде тұрмыста өрт қауіпсіздігі қалай көрінеді? Халық арасында әлеуметтік сауал жүргізсе, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үйде өрт сөндіргіш болғаны дұрыс деп санайды, бірақ көптеген адамдардың үйінде жоқ. Ол нәрсе шын мәнінде қажет, бірақ өрт сөндіргіштің үйде болуын мәжбүрлейтін ешқандай заң жоқ. Көпшілігіміз өрт сөндіргіш туралы ол кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе автокөлікке қажет деп білеміз.

Егер сізге еңбекпен тапқаныңыздың барлығы қымбат болса, онда өрт сөндіргіш үйге қажет. Егер үйде өрт сөндіргішіңіз болса, өзіңізді өрт болған жағдайда (сирек кездесетін жайт емес) қауіпсіздендіресіз, себебі өрт сөндірушілер келгенше бастапқы деңгейдегі өртті жоюға мүмкіндік бар. Өрт сөндіргіш құрал ретінде тиімді болып табылады ма? Біз өрт келтірген шығындардан осы баллонды сатып алуға көп ақша жұмсамаймыз ба? Қарапайым есептеу - сөндіргіштердің бағаларымен танысу, содан кейін жеке мүліктеріңізді есептеңіз, екі сандарды салыстырыңыз. Өрт сөндіргіш қиын техникалық құрылғы болып табылмайды, оған нұсқама бар (сурет және баллон бетіндегі мәтін), нұсқамасын оқып, оны қалай қолдану керектігін түсіну оңай. Егер сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өрт қауіпсіздігіне шындап қарасаңыз, өрт сөндіргіштердің тағайындалуларын біліп және оларды дұрыс қолдана алуыңыз керек. Баллонда екі тетік бар – астыңғы және үстіңгі, ортасында тетік аралығына арнайы қорғаныс чегі мен пломбасы қойылған. Өрт сөндіргішті апару үшін төменгі тетіктен ұстап апарады. Өрт сөндіргішті пайдалану үшін чекті алады, сонымен бірге пломба түсіп, астыңғы және үстіңгі тетігін басады – өрт сөндіргіш жұмыс істей бастайды. Мүмкіндігінше оны пайдалануды жаттықтырып алған дұрыс, қиын жағдайда өрт сөндіргіш мүліктеріңізді, сонымен қатар өз өміріңді құтқаратынына сенімді боласың. Ең көп таралған ұнтақ көмірқышқылды болып табылады. Олар 40-тан +50 С–ге дейінгі температура диапазонында жұмыс істей алады. Техникалық қызмет көрсету оларға 5 жылда бір рет қажет. Өрт сөндіргіштерді өрт сөндіргіш заты қуатының көлемімен (массасы) ажыратылады. 5 немесе 8 кг дейін өрт сөндіргіш затымен өрт сөндіргіштерді (алып жүруге арналған ауыр, үлкен салмағымен өрт сөндіргіштер) сатып алуды ұсынамыз. Өрт сөндіретін заттың индексінде көрсетілген. Мысалы, ҰӨ-2 – ұнтақты өрт сөндіргіш қуат көлемі – 2 л, жалпы салмағы 4,5 кг, ОУ-5 - көмірқышқылды өрт сөндіргіш қуат көлемі – 5 л, салмағы – 13,5 кг.

Ұнтақты өрт сөндіргіш(ҰӨ)

Ұнтақты өрт сөндіргіш ішінде арнайы ұнтақ бар, өрт ошағын жабады және оған оттегінің ағынын тоқтатады. Олар газдарды және жанғыш сұйықтықтарды сөндіруге өте тиімді болып табылады. Ұнтақты өрт сөндіргіштер қоймаларда, гараждарда, көлік құралдарында және т.б. пайдалануға жиі қолданылады. Осы сияқты өрт сөндіргіштердің, (ҰӨ) көзге және тыныс алу жолдарына кіріп кетпеуін қадағалауымыз керек.

Көмірқышқылды өрт сөндіргіш (КӨ)

Тұрғын ғимараттарында, кеңсе жабдықтары, теледидар, компьютер, электр аспаптары және басқа да қымбат жабдықтар көп жерде көмірқышқылды өрт сөндіргішін пайдалану қажет. Олар таза әрекеттерімен ерекшеленеді, кез келген жиһаз немесе жабдықтарға ешқандай із қалдырмайды, сөндіргеннен кейін буланып жоқ болады. Жану аймағын суытуға пайдалану кезінде қар тәріздес түрінде көмірқышқылдың температурасы -70 ° C-қа дейін төмендеуі мүмкін. (ҚӨ) пайдалану кезінде қолды үсітіп алмау үшін қолғаптарды пайдалану ұсынылады.

Өрт сөндіргішті пайдалану кезінде маңыздысы: оның қолжетімділігі болып табылады. Өрт сөндіргішті балалардың қолы жетпейтін және тез пайдалануға ыңғайлы жерге орналастыру қажет. Өрт сөндіргішпен лаулап жанған өртті өшіруге болмайды. Өртті сөндіруге тез кіріскен маңызды, сондықтан біз әр құрылыста өрт сөндіргіштің болуын ұсынамыз.

Сізге өз үйіңізді және мүлкіңізді өрттен қорғауға ешкім мәжбүрлей алмайды, бірақ ешкім сіз үшін жасамайды. Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өрт қауіпсіздігі үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктелген болса, пәтер, жеке тұрғын үй, гараждар және шаруашылық құрылыстарының өрт қауіпсіздігі үшін олардың иелері жауапты болып табылады.

Өзіңізді қауіптен қаншалықты қорғауға дайынсыз – соншалықты сіз қауіпсіз боласыз!

Қ.КЕНЖЕБЕКОВ,

Жылыой ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521