Әйелдер теңдігі – әлі де өзекті мәселе

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде ердің әйелге деген тарихи үстемдігі өзгеруде. Индустриалды және әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктері мәселесінде теңдікке қол жеткізді. Алайда бұл проблема қазір де өзекті. Гендерлік теңдікке қол жеткізу - адамның тұрақты дамуының негізгі факторының бірі. Тендік бәріне жақсылық әкеледі. Гендер отбасынан басталады және қоғамда қандай өзгерістер болса да, қоғамның, ана мен әкенің осы ұяшығының мәртебесі, жанұяны және жалпы өмір сапасын нығайтуға ықпал ететін ең жақсы ұлттық дәстүрлердің жандануы – осы гендерлік теңдік стратегиясы мен мемлекеттің әлеуметтік саясатынан тамыр алады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық адам құқықтары мен бостандығын өрескел бұзады. Сондықтан да 2009 жылдың желтоқсанында елімізде «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңға қол қойылды.

Иә, әйелдер әлем халқының жартысын құрайды. Олардың проблемалары негізгі әлеуметтік мәнге ие. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір прогреске қол жеткізді. ҚР Президенті ерлер мен әйелдердің теңдігі мәселелеріне көп көңіл бөліп, объективті, нақты, гендерлік саясатқа бастамашы болды. Өкінішке қарай, бұл мәселеде белгілі бір прогреске карамастан, біздің қоғамда әйел мен ер адам арасында теңсіздік кездеседі. Сондықтан, 2003 жылы ҚР Үкіметі гендерлік саясат тұжырымдамасын әзірлеп, мақұлдады. Оның негізгі қағидаттары – әйелдер мен ерлер үшін ҚР Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықтар мен бостандықтар. Негізгі міндеттері - ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына тең дәрежеде қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ету: өз бизнесін дамыту және қызметте ілгерілету, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық зорлық-зомбылықты болдырмау.

Тұжырымдама ҚР Конституциясы, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-кимыл жоспары, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да негізгі құжаттар негізінде әзірленді. Сол себепті біздің елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады. ҚР Iшкі істер министрлігінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күрес жөніндегі арнайы бөлімше құрылды. Қоғамдық ұйымдар мен дағдарыс орталықтары пайда болды. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен катар, елдегі нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін әлі де көп нәрсе жасалуы керек.

Индира Оңайжанова,

аудандық сот әкімшісінің бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT