Үйден әлеуметтік қызметтер кімдерге көрсетіледі?

Балаларының көңілін көтеруге, киімін ауыстыруға, жаз айларында таза ауада серуендетуге, өмірге тәрбиелеуге көмектеседі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сай «Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызметтер көрсетіп келеді. Медициналық-әлеуметтік сараптамадан мүгедектік анықтаманың мерзімі аяқталған кезде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарлмасы (МОЖБ) қайтадан тағайындалады. Сол құжатта үй жағдайында әлеуметтік қызметкерге мұқтаж деп көрсетіледі.  

Әлеуметтік қызметкерлер 5 санаттағы азаматтарға тағайындалады. Ол, біріншіден, психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, жалғызбасты қарттарға және бірінші, екінші топтағы мүгедектерге тағайындалады. Соған орай жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметкер тағайындайды. Аумақтық орталықта үш бөлімше жұмыс атқарады, жалғызбасты қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 47 қартқа, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 45 балаға, күндізгі болу бөлімшесінде 33 балаға 1 дефектолог, 1 психолог, 13 әлеуметтік қызметкер, 3 тәрбиеші қызмет көрсетеді. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әрбір әлеуметтік қызметкеріне 7-8 бала немесе жалғызбасты қарттар жүктелген.

Орталық мамандарымен келесі қызмет түрлері көрсетілуде: әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;

әлеуметтік-медициналық қызмет;

әлеуметтік-психологиялық қызмет;

әлеуметтік-педагогикалық қызмет;

әлеуметтік- мәдени қызмет;

әлеуметтік-экономикалық қызмет;

әлеуметтік-құқықтық қызмет;

әлеуметтік-еңбектік қызмет.

Мәселен, психологиялық-әлеуметтік қызмет бойынша біздегі балалар бөлімшесінде ауыр диагнозбен қызмет алады. Сол балалардың ата-анасымен мамандарымыз жұмыс істейді. Баласы ауру болғандықтан депрессияға түсетіндер бар. Солардың көңіл күйін көтеру мақсатында жұмыстар жүргізеді. Балаларының көңілін көтеруге, киімін ауыстыруға, жаз айларында таза ауада серуендетуге, өмірге тәрбиелеуге көмектеседі. Бір қызмет алушыға екі сағаттан, аптасына екі рет қызмет көрсетеді. Қызмет алушылар электрондық жүйеге көшуге байланысты ХҚКО арқылы электрондық кілт ашып, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қажетті құралдарын және әлеуметтік қызмет алуға тапсырыс бере алады.

Жергілікті атқарушы органның шешімі шыққаннан кейін әлеуметтік қызметкер бөлінеді. Үйлеріне барып, жұмыс кестесі жасалынады. Жеке жұмыс жоспары жасалынады. Күнделікті қандай жүмыстар атқаратыны белгіленеді. Айына бір рет бөлім басшылары сараптама жасап отырады. Орталықта 1-2-топ және мүгедектік арбаға таңылған мүгедектерге орталыққа келіп кетуге, қажетті жерлеріне (емханаға, шаштаразға, ХҚКО-ға т.б.) барып келу үшін инватакси қызметі тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар жоспарлы түрде мерекелік іс шаралар, туған күндер, қайырымдылық акциялары өткізіліп тұрады.

Біздің мекен-жайымыз: Құлсары қаласы, «Барлаушы» №1үй (ескі №21 мектеп ғимараты)

Байланыс телефоны: 3-60-55

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521