Үй алып берем деп алдайтын Еуропадағы алаяқ

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігіне Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығынан Еуропадағы алаяқтық тәсілдер туралы ақпарат келіп түскен.

Онда алаяқтар «LinkedIn» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға бәсекелі жалақы, тұрғын үй, көлікті қамтитын Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жіберетіні айтылған. Сонымен бірге алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін қажетті 1300-5000 фунт стерлинг көлеміндегі соманы аударуды сұрайды. Сенгіш қазақстандықтар талап етілетін соманы төлегеннен кейін алаяқтар байланысқа шықпай қалады екен.

-Осындай компаниялардың бірін қауымдастық тексеріп, оның британдық компания тізілімінде тіркелгенін, оның иесі испан азаматы және жарғылық капиталы тек 1000 фунт стерлинг екендігін анықтады. Яғни, компания шетелдік қызметкерлерді жалдауға және оларға жоғары жалақы мен әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шыққан, - дейді Жылыой аудандық Әділет басқармасы басшысы А.Нұғман.

ҚР СІМ қалыптасқан жағдайды және қазақстандықтарға қатысты алаяқтық әрекеттердің күшеюіне алаңдайтынын мәлімдеп, мұндай әрекеттерді тоқтату үшін бірқатар алдын алу және түсіндіру шараларын жүргізе бастады. Басқарма басшысы А.Нұғман жылыойлықтарды да мұндай алаяқтардан сақ болуға шақырды.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521