Іскер әйелдер мен Білім саласының мамандары Президент жолдауын талқылады

Атырау облысы бойынша Іскер әйелдер мүшелері мен Білім саласының мамандары  ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылады.

Саясаткер әйелдер клубының төрайымы, Атырау Бизнес және Құқық колледжі директоры Айтиева Нұрлы Тельманқызы кездесу өткізіп, Жолдау бойынша нақты мәліметтер берді.
Кездесу офлайн және онлайн форматта өткізілді.

Кездесуге іскер әйелдер, қыздар, үкіметтік емес ұйым (НПО) мүшелері, білім саласының қызметкерлері қатысты.

Н.Тельманқызы жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша тоқталып, білім саласына тигізер пайдасы, енгізілетін өзгерістер туралы, сонымен қатар саясаткер, іскер қыздардың жұмысына берер оң нәтижелері туралы талқылап, тоқталып өтті.

Пікір білдіріп, Жолдау бойынша өз ойын жеткізушілер қатарында Атырау Бизнес және Құқық колледжінің педагогы, заңгер Венера Бауыржанқызы және жас маман, экономист Әйгерім Санахметқызы болды.

Бұл спикерлер де Жолдаудан соң орындалар жұмыстар, жаңашылдықтар, мәселелерді шешудің нақты жолдары туралы ақпараттарымен бөлісті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз