ТАҒАЙЫНДАУ
Жылыой ауданы әкімінің 2023 жылдың 20 ақпанындағы №13-к өкімімен НҰРМАХАНОВА АРАЙ ҚАНАТҚЫЗЫ Жылыой ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Нұрмаханова Арай Қанатқызы 1984 жылы 20 қазанда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2006 жылы Орта Азиялық университетін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен экономика және бизнес мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінде бағдарламашы болып бастаған.
2007-2013 жылдары Жылыой ауданы кәсіпкерлер ассоциациясы қоғамдық бірлесігінің директоры болып қызмет еткен.
2010-2017 жылдары «Бегайсова» жеке кәсіпкерлігінде есепшінің көмекшісі болған.
2017-2020 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы лауазымында қызмет жасаған.
2020 жылдың тамыз айынан күні бүгінге дейін Құлсары қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.
Жылыой ауданы әкімі аппараты жанындағы конкурстық комиссияның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап аудан әкімінің №13-к өкімімен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметі