Өңірлік кадр резервіне іріктеу ережелері мен талаптары түсіндірілді

Жылыой ауданында аудандағы дербес бөлім, қала, кент және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне өңірлік кадр резервіне іріктеуге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова өңірлік кадр резервіне іріктеудің мақсаты, қойылатын талаптары мен қажетті құжаттар тізімі және салалық бағыттары мен кезеңдері туралы түсіндірді.

Аудан басшысының орынбасары Г.Айшуақова жастарды өңірлік резервке белсене қатысуға шақырды. Кездесу барысында қатысушылар туындаған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдығы жылдың наурыз айынан бастап өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады.

Өңірлік кадр резервіне өту үшін жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес ҚР азаматтары құжаттарын тапсыра алады. Яғни, бұл резервке ену үшін мемлекеттік органдарда жұмыс істеу міндетті емес, кез-келген саладағы 3 жыл жұмыс өтілі жарайды. Құжаттарды қабылдау 1-31 наурыз күндері аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады.

Өңірлік кадр резерві – бұл талантты жастар үшін өзін танытуға және ел дамуына өз үлесін қосуға бірігей мүмкіндік.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ onir.pkrezerv.gov.kz САЙТЫНАН АЛУҒА БОЛАДЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521