Өңірге қарасты республикалық жолдарда бақылау күшейді

Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін және жолдарды күтіп ұстау бойынша Атырау облысы аумағындағы жолдарда бақылау күшейді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары коммитетіне қарасты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженерлерімен су шаю қаупі бар республикалық А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Сағыз өзені арқылы өтетін көпір және «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Ақтау» жолының Құрсай өзеніндегі көпір тексерілді.

-Патрулдік тексеріс кезінде Жем өзенінің тереңдігі екі метрге жеткендігі, су өзеннің арнасымен ағып жатқандығы байқалды. Осы аталған жолдар мен «Атырау-Орал» тас жолы бойындағы 25 су өткізгіш құбыр тазартылды. «Қажсервис» ЖШС АОФ республикалық жолдардағы су тасқынына қарсы 250 текше метр қиыршық тас, 500 тонна құм, 3 мотопомпа, 3 қайық және 1000 қап құм дайындады. Қазір бұл материалдар жол пайдалану бекеттерінде сақтаулы,- деді Б.Мұқашев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT