Өңірді сумен қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін мәселе

2021 жыл – еліміз үшін ерекше тарихи жыл.

Тарих сахнасында Тәуелсіз Қазақстан деген атпен мемлекет атанғанымыздың 30 жылдығы. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі толағай табысымыз аз болған жоқ. Десек те, назар аударатын, жүзеге асырылатын міндеттер бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде өткен кеңесте еліміздің 30 жылда жүріп өткен жолын бағамдап, бағдарлай отырып, алдағы басты жеті стратегиялық мақсатымызды айқындап берді.

Билік пен үкіметтің алдына қойылып отырған міндеттердің нәтижесінде халыққа лайықты өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау тұр. Экономикалық жетістіктер құр көрсеткіш болып қалмай, халықтың өмір деңгейін арттыруы керек. Әсіресе, Президенттің жергілікті тұрғындарды толғандырып отырған мәселе - өңірді сумен қамтамасыз ету міндетін белгілеп беруі көңілді қуантады. Су ресурстары қашанда еліміздің маңызды стратегиялық қоры болып саналады.

Жылдар бойы жер үсті мен жер асты суларының ресурстарын ауыз су және шаруашылық бағытында пайдаланып келеміз. Соның салдарынан соңғы алпыс жылда ғаламшардағы ауыз суды тұтыну ұлғаюына байланысты судың өткір тапшылығының туындауы. Ақтөбе өңірінен бастау алатын біздің Жем өзенінің мәселесі көптен айтылып жүр.

Соңғы жылдары Атырау облысының аумағында су ағыны болмауы жер асты су көздерінің қысқаруына алып келді және экология мен ауыл шаруашылығы өндірісіне елеулі әсер етуде. Сондықтан бұл мәселе ауқымды жұмыс жүргізуді қажет етеді.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жасақталған Жол картасында да су ресурстарын ұтымды пайдалану қарастырылған болатын.

Енді Президентіміз Жайық өзенінің экологиялық ахуалын атап көрсетіп, оны шешуге көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды тапсырды. Ендігі мәселе – әр лауазымды тұлға осы белгіленген міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосуы қажет. Қазіргі таңда бүкіләлемдік деңгейде қиын да күрделі кезеңдерді өткеріп жатырмыз.

Ол әлемді дүр сілкіндірген пандемия, мұнай рыногіндегі тұрақсыздық. Бірақ соларға қарамастан, алдағы уақытта да халқымыздың әл-ауқатын тұрақты деңгейде ұстауға, оларды жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасады деп сенеміз. Оған осы салада жүрген баршамыз атсалысуымыз керек.

Мәслихаттар халықтың қалауын білдіретін мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың маңызды бөлігі. Біздің депутаттар корпусы әрқашан атқарушы билікпенен тығыз байланыста. Халық пен билік ортасындағы дәнекер – депутаттар әрқашан бірігіп жұмыс жасауға, бірлесіп мәселелердің шешімін табуға дайын.

Жылыой аудандық мәслихат хатшысы С.Таласов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521