ӨҢІРДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 25 мыңға жуық адам еңбекке араласты.

⠀ «Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаев облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀

Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып, 50 239 бірлікті құраған. ⠀

- Өткен жылғы пандемия жағдайына қарамастан өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсімі байқалды. Әсіресе олардың саны облыс орталығында, Индер мен Қызылқоға ауданында артқан, - дейді Азамат Сәлімбаев. ⠀

Оған қоса, өткен жылы облыста 55,7 мың тонна ет, 64,7 мың тонна сүт өндіріліп, ауыл шаруашылығы өнімінің қоры да өскен. Бұдан бөлек, ірі қара мал басы, қой мен ешкі, жылқы, түйе саны артып отыр, - дейді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. ⠀

Сонымен қатар өткен жылы өңірде 24 044 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 15 400-і тұрақты жұмыс орны.

⠀ - Жұмыспен қамту орталығы арқылы 25 мыңға жуық адам еңбекке араласты. Оның 6 357-сі қоғамдық жұмыстарға орналастырылса, 663 адам әлеуметтік жұмыстарға, 16 817 адам ваканттық жұмыс орындарына және 1 081 жас жастар тәжірибесіне жіберілді. Одан бөлек, «Еңбек» бағдарламасының бағыттарына 29 231 адам қамтылған, - дейді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаев.

⠀ Баяндаманың тыңдаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жауапты мамандарға тапсырма беріп, олардың орындалуын қадағалайтынын баса айтты.

⠀ - Биыл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайыздан жоғарылатпау бағытында нақты шаралар қабылдансын. Тұрақты жұмыс орындарын жоспарға сәйкес, 12 800-ден асыруға жұмыстар жүргізілсін. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді, салаға қатысты обьектілердің уақытылы тапсырылуын қадағалауды тапсырамын, - деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. ⠀

Өз кезегінде облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Әбдуахит Әбішев биыл 800 млн. теңгенің алты жобасын іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. ⠀ Одан бөлек, облыс әкімі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына нақты тапсырма берді.

- Осы жылы өнеркәсіп өндірісі мен инвестицияларды тарту бағытында қажетті жұмыстар жүргізілсін. Өңірдің өнеркәсіп өндірісі мен инвестиция көлемін арттыру – аса маңызды. Сол себепті жоспарланған көлемдеріне жеткізуге нақты шара қабылдансын, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

⠀ Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласына қолдау артатынын айтты. ⠀

- Ауыл шаруашылығы мен Атырау қаласының әкіміне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырамын. Тұрақтандыру қоры арқылы алынған өнімдермен қала және аудан орталықтарындағы ірі сауда орындары қамтамасыз етілуі керек, - деді облыс әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521