Өңірде коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты

COVID-19: Атырауда инфекция жұқтырған 101 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 101 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген.

Сондай-ақ Теңіз кенішінен 78 жұмысшыдан, Жылыой - 2, Құрманғазы ауданында 12 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12-сінде ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шыққан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 321 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 95 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 811 адам ем қабылдауда.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521