Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда

Атырауда демалыс күндері 812 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

15 және 16 мамырдағы мәлімет бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 812 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 17 мамыр аралығында 44707 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентімен 14486 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

Атырау облысы Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз