banner_damu

Өңірде демалыс күндері рейдтік шаралар қатаңдатылды

Бейсенбі күні 6 карантиндік талаптарды бұзу фактілері анықталған.

Бүгінгі күні мониторингтік топтар қоғамдық тамақтану орындарында, сауда объектілерінде, сондай-ақ қаланың қоғамдық көліктерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша күндізгі және түнгі рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта Атырау қаласы әкімдігі жанынан құрылған 12 мобильді топ рейдтік шараларын жүргізуде.

Халыққа қызмет көрсету орындарында карантиндік талаптардың ең көп бұзылуы санитариялық талаптарды сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу (банкеттер, корпоративтер, үйлену тойлары, еске алу және т.б.), маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты бұзу жағынан анықталды, сондай-ақ облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс уақытының шектеулерін сақтамау фактілері анықталды.

18 маусымдағы рейдтік іс-шаралар барысында “Сапфир”, “Дулат”, “Гранд”, “Амир”, “Ханшайым” мейрамханаларында жасырын той өткізілгені белгілі болды. Алайда мейрамхана иелері есігін ашпаған. Мобильді топ мүшесі Сәбит Сүлейменовтің айтуынша, рейдтік шара жұма, сенбі, жексенбі күндері қатаң түрде жүргізілуде. Бейсенбі күні 6 карантиндік талаптарды бұзу фактілері анықталған.

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика