Өңірде Бас санитарлық дәрігер тағайындалды

1997 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетін гигиенист-эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Танауов Мәдениет Рашидұлы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері басшысы лауазымына тағайындалды.

⠀ Мәдениет Танауов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетін гигиенист-эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық дезинфекциялық станциясының дәрігер эпидемиологі болып бастады.

1999-2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында әртүрлі лауазымдарда коммуналды гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері, бөлімінің меңгерушісі, Зеленов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері лауазымдарында қызмет атқарды.

2016 жылдың шілде айынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз