Өткен аптада «Кең Жылыой» мәдениет үйінде аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Онда «Protecting business and investments» (Бизнес пен инвестицияларды қорғау) жобалық кеңсесі туралы түсінік берілді.
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағыновтың айтуынша, бұл жобаның мақсаты кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, шетелдік және отандық инвесторлармен жүзеге асырылып жатқан немесе жоспарланған инвестициялық жобаларды лауазымды тұлғалар тарапынан орын алатын сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғау болып табылады. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Атырау облысы бойынша өңірлік басшысы Ержан Колбаев кәсіпкерлерге жобалық кеңсе туралы кеңінен әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өңірімізде шетелдік және отандық инвесторлармен жүзеге асырылып жатырған және жоспарланған инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу, осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бағытында облыс аумағындағы инвесторлар мен кәсіпкерлермен тығыз жұмыс атқарылып отыр. Соның бірі - шетелдік және отандық инвесторларды лауазымды тұлғалар тарапынан орын алатын сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғау мақсатында Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып отырған «Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау (Protecting Business and Investments)» жобасы.
Қ.Нұртайұлы
Толығырақ "Кең Жылой" газетінің №34 санында