Қазақстан Президенті Қасым-ЖомартТоқаев Үкіметтің кеңейтілгенотырысында сөйлеген сөзінде инвестициялық штаб құру түрлібюрократиялық кедергілер менқұқықтық қайшылықтарды жоюғамүмкіндік бергенін, бұл жекелегенжобаларды іске асырудыжеделдеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы қаражатты толықүнемдеуді қамтамасыз ету және еңмаңызды міндеттерді шешуге жұмсаутуралы айтты. Оның айтуынша, енді бар қаражатқа өмір сүретін уақыт келді. Таяууақыттағы Үкіметтің негізгі міндеттері менбасымдықтарының бірі – экономиканыәртараптандыру. Мәселен, өткен жылыөңдеу өнеркәсібінде 1,3 трлн теңге сомаға180 инвестициялық жоба іске асырылды,нәтижесінде аталмыш сектор өсімі 6%-ғажуықты құрады. Бұл соңғы 10 жылдағыең жоғары көрсеткіш.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұлүрдіс тоқтамауы керек. Инвестициятартуға қатысты Президент Үкімет жеделжұмыс істеп, бюрократиядан арылуға тиісекенін атап өтті. Өйткені біз шиеленіскенбәсекелестік жағдайында қазіргітенденциялардан артта қалуымыз мүмкін. Елге сапалы инвестиция қажетекені анық. Озық технологияларғанегізделген және сыртқы нарықтарғабағытталған жобаларды шетелдікинвесторлар ұсынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке барлықдеңгейлерде – шетелде, өңірлерде жәнеорталықта инвесторларды іздеуді,қолдауды және қорғауды күшейтетінтұтас бір жүйе құру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте, Президенттің айтуынша,инвесторларға жұмыс орындарын сақтау, өндірістерді жаңғырту және экологиялықталаптарды сақтау бойынша ақылға қонымды міндеттемелер ұсынылуы тиіс.
Қазір, Мемлекет басшысы атап өткендей, ірі өнеркәсіптік нысандарды іске қосубаяу жүріп жатыр. Сондай-ақ, Президенттуризм экономикалық өсудің жаңа көзіболуға тиіс екенін атап өтті.
Гүлназ Имирова,
"Тәрбие" ұйғыр ЭМБ басшысы
Фото: ru.freepik.com