Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

Ағымдағы жылдың қаңтар айында тіркелген құқық бұзушылық 110 қылмыс тіркелді, оның ішінде аяқталғаны 16/2021-13/ қылмыс болып отыр.

Қазіргі уақытта талдауға сай, аудан аумағында 110 қылмыстың 65-н алаяқтық қылмысы құрап отыр.

Оның ішінде интернет желісі арқылы жасалғаны -6 құрап отыр. Осы интернет арқылы жасалған 2 факті бойынша Алматы қаласына жолданылды.

Интернет алаяқтық фактілерін ашу кезінде төмендегідей мәселелер туындайды.

Интернет қылмыстарын ашудың қиындығы азаматтар ақша аударған абонент нөмерлерін тексеруді қажет етеді. Тексеріп келгенде абоненттік нөмерлер сөніп тұрады немесе ол басқа мүлдем қатысы жоқ адамдарға тіркеледі немесе «Киви кошелек» арқылы аударымдар жасаған кезде тексеріс барысында Ресей аумақтарында тіркелгендіктен тексеру мүмкін болмайды. Осындай жағдайларда қылмыстардың ашылуы қиындық тудырады.

Осы интернет саласындағы қылмыстарды ашу мақсатында қылмыс жасаған тұлғалардың және жәбірленушінің есеп шоттарының ақша айналымы туралы анықтау бағытында банктерден мәлімет алынғанымен, ақша аударған тұлғалардың бұл туралы ешқандай мәліметтер білмеуі немесе есеп шот иелері өздеріне келген ақшаны белгісіз тұлғалармен көмек қолын сұрап, ақша аудартып алуының салдарынан нақты қылмыс жасаған тұлғаны анықтауға мүмкіндік болмайды. Бұдан басқа интернет саласында жасалған қылмыстық іс бойынша тексеру жұмыстары кезінде ақша айналымы басқа облыстар мен қалаларда болуына байланысты аталған істер бойынша тергеп-тексеру амалдарын дер кезінде жүргізуге кедергі туындайды.

Мысалы, ​ПБ-де тіркелген 02.01.2022 жылы тіркелген қылмыстық іс бойынша жәбірленушіге ватсапп желісі арқылы өзінің танысымын деп телефон соғып, 50 000 теңге көлемінде қарызға ақша сұрап алған. Тексеру барысында телефон соққан ұялы байланыс нөмерлеріне қатысты Атырау облысы ПД-нің Жедел қызмет басқармасына тапсырмалар жолданылды, қорытындылары нәтижесіз болуына байланысты ақша аударылған абонентті анықтау мүмкін болмайды.

БАҚ-та интернет желісінде сатып алу және сату жасау кезінде сақтық шараларын сақтау туралы, және алаяқтық жасаудың әдістерінің егжей-тегжейін ашатын материалдарды пайдалана отырып халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуге әлеуметтік желілер (фейсбук, уатсапп әлеуметтік желілері) арқылы бірнеше рет ақпараттар және видеороликтер жариялануда және алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.

Соған қарамастан, тұрғындарға алаяқтықтан сақтану жолдары бойынша түсіндірме шаралары жүргізіліп жатырса да, жәбірленушілер өз еріктерімен құпия кодтарды айтып қойғандықтан, алаяқтарға тап болуда.

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521