Интеллектуалды кен алаңы

Өткен жылдың басында "Ембімұнайгаз" АҚ-ның мұнайшылары 2 млн. 895 мың тонна қара алтын өндіруді жоспарлаған-ды. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 55 мың тоннаға артық көрсеткіш еді. Жасыратыны жоқ, жоспарды артығымен орындау ембілік мұнайшылар үшін үлкен сынақ болды.

Өйткені компанияға қарасты кен алаңдарының басым көпшілігі - өткен ғасырдан бермен қарай игеріліп келе жатқан, пайдаланудың соңғы сатысында тұрған кәсіпшіліктер. Бірақ соған қарамастан, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ембіліктер алға қойған міндетті абыроймен атқарып шықты. Сөйтіп, былтырғы 12 айдың ішінде 2 млн. 895 мың 332 тонна мұнай өндіріп, жоспарды артығымен орындады. Бұл жөнінде "Ембімұнайгаз" АҚ-ның Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков Бас компанияның өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаевтың қатысуымен өткен жиналыс үстінде мәлім етті.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №9 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521