«Интеллектуалды кен алаңы» жобасы

Қазіргі таңда еліміздің өндіріс ошағына енгізіліп жатқан «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы - «Сандық Қазақстан» бағдарламасының басым бағаттарының бірі.

Бұл ретте Атырау аймағына іссапармен келген Мемлекет басшысы ембілік мұнайшылардың бұл бағыттағы жұмыстарына оң бағасын беріп кеткен еді. Күні бүгін аталған жоба «Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты екі кен орнына енгізілген еді. Оның ішінде біздің ауданнан Прорва кеніші де бар. Жақында Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевпен болған кездесу кезінде қоғамның Басқарма төрағасының орынбасары Айболат Ғабдуллин аталған жобаның тұжырымдамасымен таныстырып, оның ерекшелігін атап өткен-ді:

- Тұжырымдаманың енгізілуіне орай кеніштерде электр энергиясын пайдалану 30 пайызға дейін азайды. Ұңғымаларды жөндеу аралық мерзімі айтарлықтай қысқарып, тәуліктік өнім өндіру көрсеткішіне есеп жүргізуге мүмкіндік туды. 2017 жылы бұл жоба «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Прорва кен алаңына енгізілсе, биылғы жылы «Жайықмұнайгаз» басқармасының Жаңаталап кенішінде қолға алынды. 2024 жылға дейін «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты 12 кенішке осы тұжырымдама таратылып, іске асатын болады.

Расында, «Интеллектуалды кен алаңы» жобасының артықшылығы көп. -Оның басты мақсаты - мұнай өндіруді және басқа да жалғаспалы бизнес процестерін оңтайландыру. Бұл бағытта жедел шешім қабылдап, тиісті талдау мен мониторинг жүргізу үшін компанияның өндірістік процестерін Жедел басқару Орталығына шынайы уақыт аралығында түсетін ақпараттарды қорытындылау үшін жіберіп,бизнес-процестерді автоматтандыруды көздейді,-дейді компания мамандары.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT